ИАСАУИ ДӘРІСТЕРІНЕН
Иасауи атамыз “Фақрнама” деген трактатында ең басты құндылықтың адам екендігін Құран рухында түсіндіреді. Нағыз Аллаға мойынсұнушы яғни таслим болған мұсылман адамның сипатын қазақы таныммен қарапайым ғана белгілеп береді. Нағыз мұсылман адам ол “бір дастарқан басында отырған кім болса да ол христиан ба, пұтперес па, отқа табынушы ма, жөйт па соған көңіл бөлмейтін адам” дейді. Бұл Иасауидің “имани гүл” сатысындағы адамға деген құрметі мен махаббатын көрсететін таным. Адамды түсі, түрі, нәсілі, тегі мен дініне қарап емес, оның Жаратушысына, Оның хикметінің құрметіне, махаббатпен қарауға шақырады. Адам былай тұрсын, бүкіл жаратылғандар, яғни мына он сегіз мың әлем Алланың Бар, Бір, Хаким, Рахман, Рахим, Халим, Ғафур екендігін көрсететін айналар. Сол айналардың ішіндегі ең басты
