ИСЛАМ БІРЛІГІ УТОПИЯ МА?
1964 жылы түрік жазушысы Құсейін Атсыздың «Өтікен» журналында үлкен пікірталас туғызған мақаласы жарық көрді. Бұл мақала салыстырмалы түрде алғанда қазіргі кезде де күрмеуі шешілмеген көп мәселенің басын ашып өткен. Қазақ оқырманына қызық болар деген оймен оны аударып беріп отырмын…. ИСЛАМ БІРЛІГІ УТОПИЯ МА? «Социология тұрғысынан алып қарасақ, VII ғасырда Ислам діні арабтардың біртұтас ұлт болып ұйысуында шешуші рөл атқарды. Бір-бірімен үнемі қырықпышақ болып жүретін, саны көп, бірақ бір тілде сөйлейтін араб тайпалары түбі бірігуі тиіс еді. Пайғамбарымыз әкелген жаңа идеология тұрпайы тірлік кешетін, тазалық пен тәрбиенің не екенін білмейтін тағы тайпаларға әдеп пен арды үйретіп, оларға өздерінің біртұтас ұлт екенін сезінуіне зор мүмкіндік сыйлады. Тамаша тарихи тұлға болған пайғамбарымыз сөзге