Қорлық немесе бүгінгі «квартиранттар» кімдер?
Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма? Баяғы күш, баяғы түсің бар ма? Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір. Желікпен жерге тықпас кісің бар ма?!– деп тағы да біздің заманымыздан бір жарым ғасыр бұрын өмір сүріп кеткен данышпан Абайға жүгініп отырмыз. Бұған түрткі болған Астанадағы құрылыс компанияларында жұмыс істейтін қазақ бауырымның пікірі. Өзінің жеті жылдан бері қалада пәтер жалдап тұратынын, әйелі баламен үйде болса да, айлығымыз пәтер ақысын төлеуге жетпеген соң, күнделікті шай-пұлын базардан табатынын айтты. Біраз әңгіменің басын шалған, тепсе темір үзетін жігіт халқаралық саясаттан да сауатты екен. -Мен білетін бір де бір мемлекетте сол ұлттың өздері өз елдерінде пәтер жалдап жүрген жоқ. Жалдап жүргендердің пәтер ақылары табатын табыстарына