БІЗГЕ КЕЗЕКТІ ПРЕЗИДЕНТ ЕТІП КІМДІ ТАҒАЙЫНДАЙДЫ?
Қазақстан сияқты “тәуелді” мемлекеттің президент «сайлауының» нәтижелері көбінесе шетелдік астаналарда анықталады. Әзірше, сөз жүзіндегі дербес еліміз іс жүзінде Ресей қолшоқпарларының қатарынан орын алуда. Біздің сауда-саттық тәртібіміз әйел ішкі киімінен бастап, жеңіл автокөліктерге дейін Мәскеудің бұйрығы бойынша орындалады. Теледидарымыз орыс әскерилерін мен тыңшыларын мадақтаумен шұғылдануда. Әуе кеңістігіміз Ресейдің тікелей бақылауында. Сондықтан, жақын болашақтағы президент «сайлауының» сценарийі негізінен Кремльдің шешімі бойынша қалыптаспақ. Солтүстік «достарымыз» үшін өмірбаян мен жеке қабілеттері бойынша президенттігіне ең тиімді үміткері – ҚР президентінің көмекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев. Ал, мәскеуліктер үшін премьер-министрлігіне ең қолайлы үміткері – Қазақ үкіметінің бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев. Қай себептен Кремль үшін дәл осы саясаткерлердің орны бөлек? Н. Ермекбаев – тәжірибесі