КЕТБҰҒА ма, әлде КЕТБҰҚА ма?
– Тоғанбай аға, тарихымызды тануға мүмкіндік алғанымызға 23 жыл толды. Осы уақытта, Сіз де хал-қадіріңізше шежіре-тарихты түгендеуге үлес қосып келе жатырсыз. 2013 жылы «Ертағы, Кертағыны жайлаған жұрт» атты ғылыми-зерттеу еңбегіңіз жарыққа шықты, халық оны жақсы қабылдады. Аталмыш кітабыңызда өз заманындағы қазақтың бетке ұстарларының бірі болған Кетбұға туралы көп ізденген екенсіз. Әңгімемізге арқау болғалы тұрған адам бүтіндей бір елге билік айтар қабілет иесі болды ғой. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше жасаған қызметі – қайткенде ұрпағын аман сақтап қалу еді. – Оныңыз рас. Биыл еліміз Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту үстінде. Алайда, халқымыздың тарихи тамырының одан да әріде, тым тереңде жатқанын