Күлдір – дүлдір ( Жаңа жылдық кешке арналғанәзіл қалжыңдар)
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ «Әлі бұзылмаған қазағым бар екен» деп барайын» Үлкен сарайда концерт жүріп жатады. Әншілер өзбек, қырғыз, тәжік, үндіс, орыс, ағылшын ырғағында ән шырқап жатады. Осы кезде сахна сыртында (кулисаның арты) бір кемпір әншілер боянатын есіктердің бірін ашып, бірін жауып жүреді. Оны көрген бір жігіт: “Кімді іздеп жүрсіз?” деп сұрайды. Кемпір: “Осы әншілердің ішінде қазақы ән айтатын адам бар ма екен деп соны іздеп жүрмін” депті. Сол кезде қатардағы боянатын есіктен шыққан бір әнші қыз: “Жүріңіз, апа, мен қазір қазақы ән айтамын” деп үлкен кісіні қолтығынан алыпты. Сол кезде кемпір: “Сөйтші, айналайын.Сенің алдыңдағылардың айғайынан құлағым бітеліп қалды. Бір құрышымды қандырып, қазақи әндер айтшы. Үйге әлі бұзылмаған қазақ бар екен деп барайын”