Өз туын өзектен тепкендер
Таласқа түссе жан мен ту, Жан емес маған керегі – Көк тудың желбірегені. Осы әндегі таласқа түсіп отырған тудың тағдыры талайдың жанына батып жүргені белгілі. Алайда «жан емес маған керегі, Көк тудың желбірегені» болмай тұр. Жуырда Алматы қаласының Абай мен Гагарин көшелерінің қиылысында жалау сатып жүрген азаматты байқап қалдым. Қолында Қазақстан жалауымен қоса, Ресей туын ұстап алыпты. Әңгімеге тартайын десем сөйлей алмайтынын білдіріп, ымдап көрсетті. Сосын сол маңда орналасқан саябақтағы орындыққа жайғасып, екеуміз ымдап болса да біраз әңгімелестік. Жігіт бұл жалауларды Қытайдан әкеліп сатады екен. Оның айтуына қарағанда, Алматыдағы «қазақстандық» өзге ұлт өкілдері мемлекеттік жалауымыздан гөрі терістік көршіміздің туын сатып алғанды жөн көреді. Оған «қазақ жерінде өзге елдің туын сатуға