Қазақстанның ауасы ең қатты ластанған қалаларының тізімі жасалды
© Николай Колесников Астана, Алматы, Талдықорған және Түркістан ауасы ең жоғары деңгейде ластанған қалалардың тізіміне кірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі Igraphickz мәліметіне сілтеме жасап. Келтірілген мәліметтерге сәйкес, Астанада ауаны негізінен күкірт диоксиді ластайды екен, ол қоңыр көмір мен мазутты жағатын жылуэлектростанциялардың жұмысының, күкірті бар мұнай өнімдерін және күкірті бар рудалардан металл алу жұмыстарының нәтижесінде бөлінеді. Ал Алматыдағы ауада азот диоксиді бар, ол өте жоғары температурада отынның жануы мен оттегінің шектен асуынан пайда болады. Ол негізінен автомобильден шығатын газ бен ЖЭС қалдығынан, сонымен қатар қатты қалдықтардың және газдың жануынан шығады екен. Зерттеу мәліметінше, Талдықорғанның ауасында РМ-10 бөлшектері мен күкіртті сутек бар. Олар қазбалы және өзге де отынның жануынан шығады. Күкіртті сутек органикалық заттардың ыдырауынан шығып,
