АБЫЛАЙДЫҢ ӨКІНІШІ
Қалмақтармен болған бір шайқаста Малайсарының сауытының жыртық жиегінен оқ тиеді. Оны ту сыртынан байқаған Абылай хан: «Малайсары аман емес, аты кирелеңдеп қалды», – депті. Айтса айтқандай Малайсарының бел тұсынан оқ өтіп, қан саулап тұрса керек. Батырды қосына алып келіп жатқызған соң, Абылай: «Барлық тамақты берсеңдер де, ескі қатқан сүр ет бермеңдер, ішегі жарылады. Онан соң үйірге қосылмайды», – дейді. Малайсарыны бақыршысы қоста батырды бағып жата береді.Күнде жас малдың етін жеуге мүмкіндік болмайды. Бір күні Малайсары бақыршысын шақырып: «Қызыл турам етке тісімді тигізбесең, басыңды шауып тастаймын», – деп қаһарланады. Сөйтіп қазының ортасынан кестіріп ет астырыпты. Хан Абылай сол күні Малайсарының түрінің бұзылып келіспей тұрғанын байқап: «Сүр