“Шәуешек келісімі” қазақ-қытай шекарасының негізі болды”
Асылхан МАМАШҰЛЫ Қазақстан мен Қытай шекарасындағы бекет. Қорғас, 13 мамыр 2003 жыл. (Көрнекі сурет.) Осыдан 153 жыл бұрын, яғни 1864 жылы қазан айының 7-сі күні Ресей мен Қытай арасында “Шәуешек келісіміне” қол қойылды. Тарихшы Нәбижан Мұқаметханұлы 153 жыл бұрын қол қойылған осы “Шәуешек келісімі” қазіргі қазақ-қытай шекарасының негізі болғанын” айтады. Азаттық тілшісі Ресей және қазақ зерттеушілерінің ғылыми деректері мен пікірлеріне сүйеніп, Қазақстанның шығыс шекарасының шежіресін сүзіп шыққан еді. Қазақ-қытай шекарасының қалай тартылғанын зерттеуге тырысқан тілшіге әуелі ресейлік профессор, тарих ғылымдарының докторы Владимир Моисеевтің “Орталық Азиядағы Ресей мен Қытай (19-ғасырдың екінші жартысы – 1917 жыл)” зерттеуі ұшырасты. Бір жарым ғасырдан астам уақыт бұрын, қазан айының 7-сі күні Ресей мен Қытай арасында Шәуешек келісіміне