| Мемлекеттік тіл
  • Сұхбаттар

    Мен орысқа да, америкалыққа да қажет емеспін. Өйткені ҚАЗАҚПЫН!

    Анар Фазылжан, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары: — Жапониядағы «Никко» зерттеу орталығының президенті Мориату Минато Қытайда өмірге келген. Өте ерте уақытта әке-шешесімен Жапонияға қоныс аударған. Содан бері қытай тілінде сөйлемеген екен. Араға бірнеше жыл салып, Қытайға іссапармен келеді. Сенесіз бе, Қытайға келгенде ол кенеттен қытайша сөйлеп кеткен. Айналасындағы адамдар таң қалған. Бала ең бірінші қай тілде сөйлесе, қай тілде тілі шықса, соны өмір бойы ұмытпайды екен. Ал біз мектепті қойып, балабақшадағы тілі әлі шықпаған балаларға үш тілде білім беруді, дүниені танытуды бастап кеттік. Ғалымдар да «өз тілін жетік меңгерген адам ғана өзге тілді жетік меңгереді» дейді. Бұған сіздің көзқарасыңыз қалай?   «Қазақстан-ZAMAN» газеті Көптілділік мемлекеттік тілге қызмет етуі тиіс! —

    798
  • kerey.kz TV

    Алматыда қазақ тілін білмейтін қазақтарды “зынданға тастады” (ВИДЕО)

       Қазақстандық Jokeasses жобасының авторлары Алматыдағы ірі сауда орындарының бірінде тұрғындардың мемлекеттік тілді қаншалықты білетіндігін анықтап көрмек болды. Жасырын камера арқылы жүргізілген қойылымның басты кейіпкерлері – жүргізуші мен “Арлан” ұлттық киімдер театрының актерлары. Олар сауда орнының келушілеріне “Сіз қазақ тілін білесіз бе?” деген сауал қойып, білмейтіндерін көтеріп, камерадан тысқары жерге алып кетіп жатты. Аталған бейнеролик жұрттың наразылығын тудырған жоқ, қайта көңілдерін көтеріп, сергітіп тастады. Ал, YouTube желісінде аталған бейнероликті көрушілердің саны 100 мыңнан асты. Талқылап жатқандар көрермен саны мыңға жуық. https://youtu.be/yyBEBo-erKQ sn.kz

    471
  • Жаңалықтар

    Мектептерде үш пән қазақ тілінде оқытылады

    Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов. 2016 жылдан бастап қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы және география пәні барлық орта мектептерде тек қазақ тілінде оқытылатын болады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді. “Мемлекеттік тілді меңгеруге басымдық бере отырып, Қазақстандағы барлық мектептерде, оқу тіліне қарамастан қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы және география пәні тек қазақ тілінде оқытылады” деді министр. Министрдің айтуынша, 2016 жылы қазақ және орыс тілдері де мектептерде 1-сыныптан бастап оқытылады. Сәрінжіпов 2020 жылы Қазақстандағы мектептерде информатика, физика, химия, биология пәндері ағылшын тілінде оқытыла бастайтынын да айтқан. Азаттық радиосы

    589
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: