Мұнаралы Астана
Астана құрылысы тікелей Елбасының араласуы мен қадағалуымен іске асатынын бәріміз білеміз. Президент әкімшілігінде қызмет істеген кезімде Елбасының қалай қайта қайта осы Қазақ елі алаңы мен монументін жобалап, талқылап, көп ойланып өзгерістер енгізіп жүргеніне куәгер болдым. Қазақ елі монументі алдында Бейбітшілік пен келісім сарайы, сол жағында Тәуелсіздік сарайы, ал оң жағында осы Қазақ елі алаңына көрік пен ерекше бір әсер беріп тұрған Әзірет Сұлтан мешіті. Осы композицияның өзі біздің негізгі құндылықтарды айқындап тұр. Елдігіміздің іргетасы Тәуелсіздік, Имандылық және Ынтымақ сияқты баршамызға ортақ құндылықтар. Ерлан Қаринның facebook парақшасынан алынды