Халқына қамқор болған Қоңыр қажы
Шілікті халқын аман сақтап қалу үшін ел-жұртқа бас болады. Шағаноба өзенінен Саршиге дейін жететін 35 шақырымдық тоғанды қолмен қаздырады Елағасы, қайраткер. Шілікті жазығында ғұмыр кешкен Қоңыр атамыз өз уақытында сыйлы, қадірлі адам болған. Мекке барып, қажы атанған, әулие кісі екен. Заманында ел билеген Бұтабай, би Шаянбай, Сасан би, басқа да шығыстағы болыс, атқамінерлермен сыйласып өтіпті. Советтік дәуірде Шілікті совхозын 20-дай жыл басқарған, шаруашылық жайының білгір басшысы Қалым Құнафияновтың «Өткен күнде белгі бар» деген кітабында Қоңыр қажы шамамен 1873 жылы туған деп көрсетіледі. Ал Қалихан Алтынбаев өз еңбегінде 1869 жылы туған деп дерек береді. Қоңыр қажы – қожан руының халық құрметтеп, төбесіне көтерген биі. Тарихшы Ескендір Құранбаев «Найман Керей» кітабында Қоңыр