«Қыздар Императорға келін болуға қызықпайды»
Жақында Жапонияның Сыртқы саудаға қолдау көрсету ұйымы жанындағы Дамушы экономикалар институтының аға ғылыми қызметкері, доктор Нацуко Оканың «Другая Япония. Жизнь без чайной церемонии» деп аталатын кітабы жарық көрді. Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың жеке қорының қолдауымен шыққан кітапта жапон қоғамының қыр-сыры кеңінен сөз болған. Нацуко санның аталмыш кітабынан кейбір деректерді оқырман назарына ұсынып отырмыз-деп жазды egemen.kz. Жапонияда балаларға қатысты атқарылатын жоралғы, дәстүрдің түрі көп. Бала туғанда кіндігін кесіп, ағаш қобдишаға салып сақтайды. Оны хэсоно деп атайды. Мен де баламның хэсоносын сақтап қойдым. Сондай-ақ, ұлдар үшке және беске, қыз бала үшке және жетіге толғанда атап өтетін шичигосан деп аталатын ғұрыптық мереке бар. Ұл бала беске толғанда хакама деп аталатын шалбар киеді. Ал қыз