Оралда ономастика мәселелері талқыланды (ФОТО)
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Бүгін Орал қаласындағы Салтанат сарайында «Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері» деген тақырыпта республикалық дөңгелек үстел отырысы болды.Онда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Серік Сәлемовтің мәлім еткеніндей, қазіргі таңда сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің қате жазылуы, мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттардың жүйелі сипат алмауы қоғамда жиі сынға ұшырап жатады. Елімізде көрнекі ақпарат мәселелері «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады. Осы ретте жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың сауаттылығын қадағалау, тілін реттеу, жүйелеу жетіспейді. Сол себепті олардың қолданыстағы заңнама талаптарына сай ресімделуі үшін әдістемелік көмек көрсету қажет. Отырыста сөз алған Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының