Бүгін, яғни 19 ақпан Оспан батыр Сіләмұлының қолға түскен күні
Жәди ШӘКЕНҰЛЫ жазушы ОСПАН БАТЫРДЫҢ ҚОЛДЫ БОЛУЫ Оспан батыр Сіләмұлының соңғы өмірі сөз болғанда Баркөл жерінде отырған оның ордасына қытай қызыл армиясының елші жіберуі тілге тиек етіледі. Шын мәнінде қызылдар мен Оспанның бірігу қаупі Кеңес Одағын қуаттайтын топтар мен бұрынғы «Шығыс Түркістан республикасының» орнын иелеп отырған «үш аймақшылдарды» қатты алаңдатты. Кеңес Одағының жол-жорық көрсетуіне және оның идеясындағы саяси-әскери топтарға өлердей қарсы болған Оспан батырдың қызылдардың сеніміне бөленуі «жалған төңкерісшілдердің» бет-пердесін айпарадай ашып қана қоймай, олардың жау санаған адамын тарих сахнасына қайта көтеріп шығатындай еді. Сыртта АҚШ және Кеңес Одағы өз ұпайларын түгендейтін күштерге қолдау көрсетуге жанталасса, іштегі ымыраға келмес алауыз топтар да бас пайдасын ойлап, бақай қулықпен арпалысқа