Жапон премьері Перл-Харбордағы шабуыл құрбандарын еске алады
АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ. Хиросима, 27 мамыр 2016 жыл. Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ АҚШ президенті Барак Обамамен бірге америкалық Перл-Харбор әскери-теңіз базасына кіру үшін Гавайи аралына ұшып барды. Жапония премьер-министрі соңғы он жылда Гавайиға бірінші рет барып отыр. 75 жыл бұрын жапон әскері базаға шабуылдап, одан соң АҚШ Екінші дүниежүзілік соғысқа кіріскен. Синдзо Абэ 1941 жылы 7 желтоқсанда базаға жасалған шабуыл үшін кешірім сұрамайды деген болжам бар. Ол шабуылда екі мыңнан астам адам қаза тапқан. Дегенмен, Абэ аралға барар алдында журналистермен әңгімесінде “шабуыл құрбандарын Жапония премьер-министрі, жапон халқының өкілі ретінде” еске алатынын мәлімдеді. Мамыр айында Обама 1945 жылы АҚШ атом бомбаларын тастаған екі