Венаның аппеляциялық соты Мұсаев пен Кошлякты қамаудан босату туралы шешімнің күшін жойды
ҚазТАГ – Венаның аппеляциялық соты ҚР ҰҚК экс- басшысы Әлнұр Мұсаев пен ҚР Аустриядағы экс-елшісі Рахат Әлиевтің көмекшісі Вадим Кошлякты қамаудан босату туралы шешімнің күшін жойды, деп хабарлады аустриялық Vienna.at. басылымы. «Дүйсенбі күні таңертең ҚР ҰҚК бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаев пен Қазақстанның экс-елшісі Вадим Кошляк қайтадан қамауға алынды. Олар Нұрбанктің екі топменеджерін ұрлап әкетіп, өлтірген деп айыпталуда және «Әлиевтің ісі» бойынша өтеді. Бірақ сот барысында қарама-қайшы көрсетулер алынғалы себепті босатылған болатын. Енді аппеляциялық сот оларды босату туралы шешімнің күшін жойды», – делінген жарияланымда. Бұл ретте, соттың оларды қамауға алу туралы шешімін күдіктілердің адвокаты растады, бірақ сотта қабылданған осы шешімнің себебі айтылмады. Бұрын хабарланғандай, 29 сәуірде Венаның өңірлік сот судьясы Андреас