| Ресей
  • Саясат

    «Олар дайындалуда». Саясаттанушы Ресейдің арам пиғылын әшкере етті

    Камшат Сатиева Ресей Қазақстандағы билік алмасқан жағдайда не істеу керек екендерін алдын ала ойластырып, оның сценарилерін әзірлеуде. Бұған Қазақстан территориясын Ресейге қосып алғысы келетін кейбір орыс саясаткерлерінің мәлімдемесі айғақ-деп жазды 365info.kz. Өткен аптада жарық көрген ресейлік тарих ғылымдарының кандидаты Григорий Мироновтың «Егер Қазақстан біздің бір федерация болмаса, оны Украинаның тағдыры күтіп тұр» атты мақаласына қатысты Forbes.kz-да жарияланған мақаласында саясаттанушы Досым Сәтпаев осылай деді. Бірінші — Грузия, одан соң — Украина… Оның пікірінше, бар шындықты, Қазақстан тарихын қасақана бұрмалауда автор өзінің тек ақымақтығын паш етті. Алайда мұндай мақалаға мән бермеу — күнә. Өйткені Ресей тарапынан күйе жағылып, ел қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін, күш көрсететін бұл мақала біріншісі емес. — Бірінші рет болса,

    651
  • Жаһан жаңалықтары

    Ресейдің ғарыш проблемасы және Байқоңыр

    Анна КЛЕВЦОВА “Союз” ғарыш кемесін ұшыру алаңына апара жатыр. Байқоңыр, 25 наурыз 2015 жыл. Батыс басылымдары Ресейдің ғарыш бағдарламасын дамыту қиындықтары жайлы комментарийлер жариялады. Ал Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Байқоңырдағы экологиялық қауіпсіздік мәселесін қозғаған. РЕСЕЙДІҢ ҒАРЫШ САЛАСЫНДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРЫ АҚШ-тың Вашингтон штатының Columbian газеті “Алғашқы спутниктен кейінгі 60 жылдан соң Ресейдің ғарыш бағдарламасы қиындықтарға тап болып жатыр” деген мақаласында Ресейдің ғарыштық зерттеулер саласындағы ахуалға қатысты комментарий берген. “Ресейдің ғарыш бағдарламасы 60 жылдан кейін де алғашқы жасанды спутникті орбитаға шығарған зымыранның жетілдірілген нұсқасына сүйеніп отыр. Бұл – елдің технологиялық шеберлігіне деген құрметі ғана емес, өз жетістіктерін ары қарай дамыта алмауының да белгісі” деп жазған Columbian. Газет ғарышты игеру – АҚШ пен СССР арасындағы бәсекелестіктің

    1453
  • Жаһан жаңалықтары

    Ресейде Путинге қарсы әскери төңкеріс болуы ықтимал

    Әзімбай Ғали Алда орыстың төл ақшасы девальвацияға ұрына беретін болады. Ресей тұрғындарының тұрмыс деңгейі бұрынғыдан да төмендей түседі. Шет елдік тауарларды тұтыну ресейліктер үшін қымбатқа түспек. Ресей ұзақ уақыттық дағдарысқа тап болды. Бұл дағдарыс 2007 жылы айқындалып еді. Содан бері көршіміз қателіктің үстіне қателік жасап келеді. Алдымен сол қателіктердің бірнеше алғышарттарын келтірейік: 1. Ресей нарықтық либералдық, құқықтық , саяси еркіндік жолынан тайды. 2. Империялық әскери-саяси экспансиялық жолды таңдады. Батыс елдері (АҚШ пен Еуропалық Одақ және НАТО) бірлестіктерімен конфронтацияға түсті. Экономиканы милитаризация жолына түсіру, Ресейдің ішкі саясатын тоталдық полицейлік күштік құрылымдардың қадағалау жолына ауыстыру, Ресей экономикасын әкімшілік жолмен бағындырып, әлемдік финанстық-нарықтық принциптерге жүгінбеу белең алды. 3. Ресей идеологиясы – құндылықтар жолынан

    854
  • Жаһан жаңалықтары

    Песков: Ресейдің Трамп әкімшілігінен көңілі қалды

    Дмитрий Песков, Кремльдің баспасөз хатшысы. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзінше, Мәскеу АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігінен және қарым-қатынасты жақсартуда ілгерілеушіліктің жоқтығынан көңілі қалды. Песков CNN-геғ берген сұхбатында Трамп өткен жылы сайлауалды кампаниясында Ресеймен ынтымақтастықты дұрыстағысы келетінін мәлімдегенін айтты. “Өкінішке орай, бұл диалогтың қашан басталатынын білмейміз” деді Кремльдің баспасөз хатшысы. АҚШ-та арнайы қызметтің Ресейдің елдегі президент сайлауына ықтимал килігуіне қатысты есебі белсенді талқыланып жатыр. Федералдық тергеу бюросы (FBI) бұған қатысты Трамптың көмекшілеріне тергеу жүргізіп жатыр. Трамптың АҚШ ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Ақ үйден Ресейдің АҚШ-тағы елшісімен байланысы туралы ақпаратты жасырғанын мойындаған соң отставкаға кеткен. Ресейдің сайлауға ықтимал килігуін конгрестің бес комитеті де тексеріп жатыр. Песков бұларды “мастануд” деп атаған.

    478
  • Көз қарас

    Араб әлемі бізді Ресейден қорғамақ түгілі, әуелі өздерін қараңғылықтан құтарып алсыншы.

    Кейбір кісілер Ресейден бізді арабтар құтқарады деп сенетін көрінеді. Біз арабтардың да экспанциясын бастан кешкенімізді, әлі де солардың көптеген шовинистік идеологиясынан зардап шегіп отырғанымызды ұмытпауымыз керек. Араб әлемі бізді Ресейден қорғамақ түгілі, әуелі өздерін қараңғылықтан құтарып алсыншы-деп жазды Arman Aubakir facebook парақшасында.   Бізге қазақтың ғылым-білімін дамыта отырып, көшпелі дәстүрдегі тегі бір (арғы бабаларымыз ортақ), ділі жақын (тілдің өзі шартты жағдай) елдермен саяси қарым-қатынасымызды нығайтуымыз қажет. Өзге алпауыттардың бодауындағы ең жақын халықтармен мәдени байланысты арттыру керек. Олар күн санап жұтылып кетудің алдында тұр. Мысалы, алтайлықтар өз балаларының тек орыс ертегілерімен өсіп келе жатқанын айтып мұңдарын шағады. Оларға біз қазақ тіліндегі ортақ тарихи материалдарды ұсына білсек, тегі бөлек шығармадан көрі өзегі ортақ біздің

    644
  • Жаһан жаңалықтары

    Мэй: Ресеймен сақтана отырып диалог орнату керек

    Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі. Филадельфия, АҚШ, 26 қаңтар 2017 жыл. Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй 26 қаңтарда АҚШ-қа сапары барысында республикашылдардың партиялық конференциясында Батыс елдерінің Ресеймен қарым-қатынасы “ынтымақтасу, бірақ сақтану” формуласында түзілуі тиіс екенін мәлімдеді. “Бұл – Рональд Рейганның “Сенім білдір, бірақ тексер” деген ұранын басқаша сөзбен жеткізу. Рейганның Ресейге қатысты саясаты осы сөздің шеңберінде жүргізілді” деді Мэй. Оның сөзіне қарағанда, “Ресеймен қайшылыққа келмеу және қырғи-қабақ соғысы кезеңіне қайта оралмау мүлдем мүмкін емес”, бірақ Мәскеумен диалогты тәжікелесуден гөрі ынтымақтасуға бейім тұратындай етіп жүргізу қажет. Ұлябритания жетекшісі сонымен қатар британ-америка байланысын нығайту қажетін де айтты. Бірақ ол әлемдік тәртіпті қайта түзу үшін шетелдерде бірлесе әскери операциялар жүргізу дәуірі келмеске кеткенін жеткізді. “Бірақ

    660
  • Жаһан жаңалықтары

    Трамп кандидаттары Ресейге қатысты қатаң ұстанымда болуға шақырды

    Пентагон басшылығына ұсынылған кандидат Джеймс Мэттис сенат тыңдауында отыр. Вашингтон, 12 қаңтар 2017 жыл. АҚШ-тың болашақ президенті Дональд Трамптың елдің ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылығына ұсынған екі кандидаты Ресейдің АҚШ пен Еуропа Одағындағы (ЕО) институттар жұмысын бұзуға ұмтылып отырғанын мәлімдеп, Мәскеумен қарым-қатынаста әлдеқайда қатаң саясат ұстануға шақырды. Пентагон басшылығына ұсынылған Джеймс Мэттис пен Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) директорлығына ұсынылған Майк Помпеоның мұндай мәлімдемелері Трамптың сайлауалды кампаниясында және сайлаудан кейін ұстанған көзқарастарына қайшы келеді. Мэттис пен Помпео 12 қаңтарда сенатта өткен жеке тыңдауда Ресейді басқыншы ойыншы деп атап, АҚШ-тың оған халықаралық аренада қатаң қарсылық танытуы керегін мәлімдеді. АҚШ теңіз жаяу әскерінің бұрынғы генералы Джеймс Мэттис Ресей президенті Владимир Путиннің НАТО-ны бұзуға талпынып

    446
  • Жаһан жаңалықтары

    Ресейлік Ту-154 ұшағының сынықтары Қара теңізде табылған

    Ту-154 ұшағы апақа ұшыраған теңіз аймағының картасы. Ресей қорғаныс министрлігінің Ту-154 ұшағы Сочи қаласына жақын Қара теңіз жағалауы маңында апатқа ұшыраған деп хабарлады “Интерфакс” агенттігі төтенше қызметтегі дереккөзіне сілтеме жасап. Ұшақтың сынықтары жағалаудан 1,5 шақырымдай қашықтықта теңізден табылған деп хабарлады ТАСС агенттігі. Бүгін таңертең Сочи аэродромынан Мәскеу уақытымен сағат 05.20-да ұшып шыққан 8 экипаж мүшесі мен 83 жолаушысы бар ұшақ әуеге көтерілген соң көп ұзамай радардан жоғалып кеткен. Жолаушылар арасында ресейлік әсери қызметкерлер, Сирия жеріндегі “Хмеймим” әуе базасындағы Ресей әуе-ғарыш күштері тобын жаңа жыл мерекесімен құттықтауға бара жатқан Александров атындағы әскери ансамбль мүшелері және ресейлік тоғыз журналист болған. Алдын ала болжам бойынша, ұшақ апатына техникалық ақау себеп болған. Азат Еуропа

    1062
  • Жаһан жаңалықтары

    Трамп ЦРУ-дың кибершабуыл туралы тұжырымын сынады

    Дональд Трамп, АҚШ-тың жаңа сайланған президенті. АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Орталық барлау басқармасының (немесе ЦРУ) “Ресей президент сайлауына килікті” деп тұжыруын “күлкі келтіреді” деп атады. Оның пікірінше, демократтар оны Хиллари Клинтонның неге жеңілгенін түсіндіретін “тағы бір сылтау” ретінде пайдаланады. Fox News Sunday телеарнасына берген сұхбатында Трамп президент Барак Обаманың сайлау науқаны кезінде болған кибершабуылдарға талдау жасау туралы бұйрық бергеніне қарсы емесін айтты. Дегенмен, Трамптың сөзінше, бұл жерде тек Ресей туралы айтуға да болмайды. ” Басқа да елдер, бәлкім, басқа да адамдардың бұл шабуылдарға қатысы бар болуы мүмкін екені айтылуға тиіс” деді Трамп. Обама әкімшілігі Ақ үй Ресей тарапынан жасалуы мүмкін кибершабуылдарды ғана емес, сонымен қатар 2008 және 2012

    542
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: