АҚШ: Ресей хакерлері былтыр 21 штатта сайлау жүйесін бұзып кірген
АҚШ өкілдерінің мәлімдеуінше, өткен жылы елде президент сайлауы науқаны кезінде ресейлік хакерлер Американың кемінде 21 штатында электронды жүйелер мен дауыс беру жүйелерін бұзған. Сенаттың барлау комитетінің тыңдауында АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігінің қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жетекші қызметкері Жанетт Манфра сөйлеген кезде Ресейдің 2016 жылғы сайлау алдында компьютерлер желісіне бұзып кіріп, қоғамдық пікірге айла-шарғымен әсер еткені жайлы АҚШ барлау қауымдастығының қорытындысы басты назарда болған. Әйткенмен, Манфраның сөзінше, дауыс беру нәтижесі бұрмаланбаған, ал осы жайтқа АҚШ үкіметі тергеушілері ерекше назар салып, бақылауда ұстап отыр. Манфра хакерлер қанша штаттан сайлаушылар жайлы мәліметтер ұрлағаны туралы сұрақ қойған демократиялық партия өкілі, сенатор Марк Уорнерге кибершабуылға нақты қанша штат ұшырағанын айтудан бас тартты. Ресей хакерлерінің жекелеген штаттарда