Қырым хандығының алғашқы астанасы
Қырым хандығының алғашқы астанасы болған Салачик туралы кітаптар мен карталар сақталмаған. Бұдан бес ғасыр бұрын ежелгі қоныс болған жерде қазір Бақшасарайдың шығыс бөлігіндегі Староселье шағын ауданы орналасқан. Ежелгі Салачик қаласы туралы 17-ғасырдың басына дейінгі тарихи деректерде кездеседі. Кейін түбекті өзіне қаратқан Ресей империясы тұсындағы және совет билігінің бастапқы кезеңіндегі құжаттарда ежелгі елді мекен туралы ешқандай ақпарат жоқ. Тарих жадынан өшірілген Салачик туралы Азаттықтың Қырым редакциясының фотогалереясы. 1 Бақшарасай қаласына дейін бұл жерде Дәулет сарай атты хан сарайы болған. Бүгінде оның жұрнағы да қалмаған. 2 Дәулет сарайға жақын маңда хан мешіті, медресе және ел билеушілерінің ата-бабаларының кесенелері тәрізді көптеген мұсылман елдері астаналарына тән ғимараттар кешені болған. 3 Қырым хандарының кесенесі. Осында