КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ЕҢ АЛДЫМЕН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУҒА ТИІС!
Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде жұмыс тобы құрылып, оның алғашқы отырыстары өткізілгенінен бұрын да хабарымыз бар. Алдымызда конституциялық өзгерістер күтіп тұрған анық. Бір ай талқылауға мүмкіндік те беріліп отыр. Президенттің қырық шақты өкілеттігін Парламент пен Үкіметке беретін болғаны әрине, жақсы. Бірақ қазақ халқы күтіп отырған конституциялық өзгерістер бұдан әлдеқайда тереңде еді. Ең алдымен Конституция аңдатпасында Қазақстан мемлекеті қазақ халқының өзін өзі билеу формасы екендігі, қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт екендігі жазылуға тиіс. Мемлекет ең алдымен қазақ мемлекеттілігін дамытуға қызмет етуі керек. Егер мұндай қазықты қағидалар көзделмейтін болса онда Ата заңның алдағы ықтимал өзгерістері тек косметикалық сипатта қалатынын ішіміз сезеді. 1995 жылы 30-тамызда өткен референдумда қабылданған Негізгі