Сегіз сері және Ғайни
Мен қазақ ауылдарын аса көп аралаған адам емеспін. Алайда, Алтайда, Арқада, Атырауда, Қаратауда болдым. Сонда байқағаным: сол арадағы барлық қазақ Құрманғазыны «Құрманғазы бабамыз» деп сөйлейді. Мұны мен тектілік деп түсінем. Сондай тектілікті біз тағы көрсете Не Құрманғазының, не Тәттімбеттің, Біржан мен Ақанның, тағы басқа өнерпаздардың бірде-бірінің өмірі мен өнері жайында дәл Сегіз серінікіндей сенімді, нанымды деректер мен куәлар жоқ. Алайда, Сегіз серіні өнер тарихына жолатқысы келмейтін адам көп. Академик Серік Қирабаев ағамызша айтсам, «Сегіз сері ешкімнің әкесін өлтірген жоқ. Әкелерімізді жаппай өлтірген немістерді де бұл күнде арқасынан қағып дос қылып жүрміз». Ендеше, кінә кімде? Бізде ме, Сегіз серіде ме? Меніңше, басты кінә – шынайы ғылымның нашарлығында. Шынайы ғылым жоқ жерде