«Иманды ұл,ибалы қыз» тәрбиелеу жолы
«Біз тегіміз-түрік, дініміз-Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап –Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек. Дінімізді, тілімізді сақтау – ұлттығымызды, мемлекеттігімізді сақтайды. “ Н.Ә.Назарбаев. Бүгінгі қоғамдағы болып жатқан сан-салалы жаңалықтар,алыс жақын елдермен жасалып жатқан әр қырлы байланыстар,жастардың өмір тіршілігіндегі кездесіп жатқан қиындықтар мен қайшылықтар, жалпысы, қоғамдық құбылыстағы бұрын-соңды болмаған қозғалыстар мен өзгерістері адам тәрбиелеу шеңберінде,дәлірек айтқанда,бала тәрбиелеуді,өткен тарихымызда сыналған тақтақ жол,іргелі тәжірибе-«иманда ұл,ибалы» қыз тәрбиелеу мұратына еріксіз бағыттауды талап етуде. Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген.«Бұрынғы уақытта – деп жазды Ж. Аймауытов пен М.