Қазақ хандығының тарихы ҚазҰУ-да талқыланды
ҚазҰУ-да Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ хандығы: тарих, теория және бүгінгі күн» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Аталған іс-шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты А. Тұртаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжолова, Ш. Уәлиханов атындағы институт директорының орынбасары Н. Атығаев және өзге де құрметті қонақтар мен университет оқытушылары мен студенттері қатысты. ҚазҰУ ректоры академик Ғ. Мұтанов шараны ашып: «Қазақ хандығының 550 жылдығымен шектелмей, ары қарай қазақ елінің тарихын зерттеуді жалғастыруымыз қажет. Себебі, біз – іргелі елміз. Алға жетелеп келе жатқан Елбасшымыз бар. Жастарды өз елінің патриоты етіп тәрбиелеу – басты мақсатымыз», – дей келе, конференция жұмысы мен қатысушыларына табыс тіледі. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова өз сөзінде: – «Білікті