Қажымұқанға қолдау көрсеткен екеу
Осыдан бірер жыл бұрын Астана қаласына жол түсіп, біраз күн бас шаһарды араладым. Қаладағы мәдени, тарихи ескерткіштерді тамашаладым. Сол уақытта өзім куә болған жайлардың ішіндегі бөле-жара айтарым әйгілі жазушы, қоғам қайраткері, бәрімізге бала жасымыздан өзінің «Тоқаш Бокин» романымен таныс Зейін Шашкиннің шаңырағында қонақ болғаным дер едім. Жазушының зайыбы Мәриям Нұрланқызы жасы сексен жетіге келсе де әлі күнге сергек, ширақ, бақуатты күйде екен. Ол кісі кенже қызы Гүлжан мен күйеу баласы Ерболаттың қолында, солардан туған кішкентай жиен немерелеріне ес болып, тірлік кешіп жатыр. Менің бұл үйге тап болғаным да сол Ерболаттың, Күршім аудандық мәдениет бөлімін 18 жыл басқарған белгілі өнер ардагері Қабдолла Тұраровтың кенже ұлының арқасы еді. Күршімге бір келгенінде Ерекеңнің: