Тролльдар ордасын әшкерелеу
Санкт-Петербургтегі «Интернет-зерттеулер» компаниясының бұрынғы қызметкері Людмила Савчук мекеменің үстінен сотқа шағымданған. Людмила Савчук. Маусымның 1-і күні Санкт-Петербург қаласы Петроград аудандық сотында жұрт «интернет-тролльдар фабрикасы» деп атап кеткен ұйым өкілдеріне қарсы сот өтеді. Қоғамдық белсенді әрі осы ұйымды әшкерелеуді ұйғарған бұрынғы «жалдамалы тролль» Людмила Савчук «Интернет-зерттеулер» компаниясы үстінен сотқа шағымданған. Людмила Савчук бұрын да сұхбат берген, бірақ журналистерден аты-жөнін көрсетпеуді сұраған. Енді ол «Ақпараттық әлем» тобын құрып, «Ольгино тролльдары» (кеңсесі Санкт-Петербургтағы «Ольгино» темір жол станциясы маңында орналасқан мекемені жұрт солай атайды) ұйымына қарсы ашық күресуді ұйғарған. Ол Иван Павловтың «29» тобындағы адвокаттардың қолдауымен «Интернет зерттеулер» компаниясын сотқа берген. Людмила Савчук компанияны не мақсатпен сотқа бергенін айтпас бұрын, өз басынан өткен оқиғаны баяндады.