Абақ Керейдің Алтай асуы және «Төрт би, төре заңы»
Тарих қалтарысындағы беймәлім тұстарды елеп-екшеп, оны ақиқат һәм ұлт мүддесі тұрғысынан қорытып, халық қазынасына айналдыру — көкірегі ояу, арда азаматтардың асыл борышы. Осындай азаматтық ұстанымдағы әріптесіміз Қыдырбек Қиысханұлының газетіміздің өткен санында жарық көрген Абақ Керей тайпасының ҚХР-дің СУАР өлкесіне қоныстануы және Абақ Керейдің ережесі туралы мақаласы қазақ оқырманының тарихи танымын арттыратыны талассыз шындық. Десек те, Қиысхан бауырымыздың пейілі оң болғанымен, тарихты тарқата айтуда базбір кемшіліктерге жол берген секілді. «Баба Тарих» қарға тамырлы қазақтың ортақ еншісі болғандықтан, Шығыс Түркістан аумағына Абақ Керейдің қалай ауа көшіп барғандығын, сондай-ақ, ежелгі әдет-ғұрып заңының сарқыншағы «Төрт би, төре заңы» туралы біз де білетінімізді оқырман талқысына салуды жөн көрдік. «Керей қайда барасың?»атты толғаудың астарындағы ақиқатБіріншіден,