«Дүниежүзі ғалымдары аң-таң». Мына қазақтың баласы айды аспаннан бір-ақ шығарды
Ғасырлар бойына шешімі табылмай келе жатқан әлемде 3 есеп бар. Соның біреуін 20 жастағы атыраулық Ақылбек Көпжасаров шығарды. Ол шығарған есеп бұрыштың үш секциясы туралы. Есептің шығарылғанын Филдсовск сыйлығы комитеті мен Еуропадағы математиктердің қауымдастығы растады деп жазады 365info.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап. Ақылбек шешімі жоқ есеп жайлы факультативтік сабақтың бірінде өз ұстазы аузынан 15 жасында естіпті. Содан бері ол қолы қалт етсе осы есепті шығаруға басын ауыртатын болған. Ақыры ол таяуда есепті шығарады. Сөйтіп оны Еуропадағы математиктер қауымдастығына жолдайды. 2 айдан соң олардан жауап келеді. Сөйтсе Еуропалық математика конгресі қазақ баласын 2018 жылғы сыйлыққа ұсынатынын жазыпты. Ал оның бұл есебі сол қауымдастықтың сайтына орналастырылады. Сол кезден бастап дүниежүзі математиктерінен