Назарбаевтың фуа-гра туралы сөздеріне оның баспасөз хатшысы пікір білдірді
© Akorda.kz Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Tengrinews.kz тілшісіне Нұрсұлтан Назарбаевтың фуа-гра туралы сөзіне қатысты пікірін айтты. Ол фуа-гра жайлы “бейнелей айтқан сөздің” әлеуметтік желілерде көп талқыланғанын Мемлекет басшысының естігенін айтты. “Әрине, Нұрсұлтан Әбішұлы әлеуметтік желілерде не болып жатқанын біледі, ол интернет қолданушыларының фуа-гра жайлы қалжыңдарына әзілмен және түсіністікпен қарады. Сонымен бірге, ол өзінің бейнелей айтқан сөзінің доллардың қымбаттауы мен жанар-жағармай құнының көтерілгенінен кейінгі көңіл-күйді ширатып алуға бір себеп болғанын да түсінеді”, – деді Назарбаевтың баспасөз хатшысы. “Бірақ сіздер Мемлекет басшысының тығыз жұмыс кестесін көріп отырсыздар, ол демалыссыз жұмыс істейді, елдердің басшыларымен кездеседі және Қазақстан азаматтарының амандығы үшін жұмыс істейді. Мәселен, 30 және 31 тамызда Мемлекет басшысы Қытайда жұмыс істеп жатты, ал бұл
