РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ШЫҒЫС ҚАЗАҚИЯ ЖӘНЕ ШЫҢ ДУБАН
Шыңжаң өлкесіне Қазақстан зиялылары екі түрлі кезеңде келе бастады. Бірі – 1916-1920 жылдары паналап келген Алаш зиялылары мен 30-ыншы жылдары ашаршылықта келген қазақ интеллигенциясы Қазақтар Шың Дубан (盛世才) үкіметін құруда екіге жарылды. Шәріпхан төре бастаған ұлт зиялылары (солтүстік Шыңжаңдағы барлық қазақтар) қолындағы әскери, саяси күшті тоқтатып Шың Дубанмен тікелей саяси байланысқа шықты. Бұған бүкіл қазақтың зиялысы атсалысты. Ал, Шығыс Шыңжаңның алтын діңгегі атанған Әліптің ұлы Елісхан Шың Дубан үкіметін құруға тіс-тырнағымен қарсы болды. Сондықтан қазақтың аз бөлігі Елісханға еріп, Шың Дубан үкіметіне қарсы Орталық Минго үкіметіне қарайтын Ма БуФаңның әскери үкіметін паналап, солардан саяси, әскери күш алып қайта айналып кеп Шың Дубанның үкіметін қиратуды ойласты. Шәріпхан төре Елісханға екі-үш рет