Қызыл мен көк
Тақсыр тарих Түсінер болсаң, мұңымды іш, Арымды менің итаяқ етті қызыл күш. Шаңырағымның күлдіреуішіне қан жұқты Кермектің дәмі, Жендеттің исі Қызыл түс. Дәуірлер туса, Дүмше бір ойлар көнеріп кететін еді, Кетпей-ақ қойды не делік? Таңертең тұрсам… Осы бір бояу о, тоба, О, тоба-ай деші Құбылды кенет көгеріп. «Аттандап» ақты Қызылдар қуды басында, Өңдегі кермек Өзгермей жетті ғасырға. Орақ пен балға Бүркіт пен күнге ауысты, Ауысқан екен, Азаттық деген осы ма?! Есі сау адам Еркіндік дей ма мынаны, Көзіңе қайғы Көл болып сонда тұнады. Азатпын дейсің ауаны жұтып Ал сонда… Ауадан неғып абақты исі шығады. *** Сыбызғы сұңқылы Кеудемнен күй өріп. Сол үннің исіне Жаным тұр сүйеніп. *** Қыркүйек құстарды Әкетсе