Зiкiрия Жандарбек, дiнтанушы ғалым: ҰЛТТЫ САТУ БIР ӘРIПТI САТУДАН БАСТАЛАДЫ
Бүгiнде Қазақстанның дiни әлемi түрлi ағымдарға жiктелiп кеткен. Бұл ұлт үшiн өте қауiптi. Керек десеңiз, елдiң есiн алған экстремизмнiң де бiр ұшы осы дiни адасушылыққа барып тiреледi. Ал Дiн деген не? Дiндi мәдениеттен бөлiп қарастыруға бола ма, әлде ол ұлттық таным-түйсiктiң ажырамас бiр бөлшегi ме? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын оқырман төмендегi сұхбаттан табады ғой деген ойдамыз. Бұл – белгiлi дiнтанушы ғалым Зiкiрия Жандарбектiң “Есi дұрыс адам “Аллах” деп айтқызумен руханиятты көгертем деп ойлай ма?” атты тақырыппен әлеуметтiк желiде жарияланған көлемдi сұхбатынан ықшамдалып алынды. Ғалымның барлық пайымы редакция пiкiрiмен сәйкес келе бермеуi мүмкiн екенiн ескерте отырып, бұл тақырыпта тың ой, қайшы пiкiр айтам деушiлерге де газет бетiнен орын беретiнiмiздi