ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ҚАЛМАҚ ҚЫЗДАРЫ
Қай кезде де қалмақты тұқыртқыш болып алдық. Кездесулерде «қалмақты жусатып салдық» деп кеуде қағамыз. Киномызда да қыратынымыз солар. Қалмақ соншалықты қаныпезер жауымыз ба?-деп жазды e-history.kz. Мағауинше айтқанда, «діні бөлек қалмақтың қанша қызы – ғазиз анамыз» емес пе еді? Тәуке ханның, Қабанбай батырдың анасы – қалмақ қызы. Шығай ханның анасы Абайқан-бегім де әсілінде қалмақ аруы болатын. Абылайдың атақты батырларының бірі Малайсарының да шешесі – қалмақ. Қазаққа Кенесарыдай батырды сыйлаған Қасым сұлтан қалмақ қызы Топыш ханымнан туды. Қазтуған жыраудың шешесі Бозтуған – қалмақ тайшысының қызы. Осылардың әрқайсысына жеке тоқталсақ… Қалмақ қыздарының бірі – Абайқан-бегім. Жәнібек ханның ұлы Жәдік сұлтанның сүйікті жары. Екеуінен Шығай хан мен Мәлік сұлтан дүниеге келді. Бұл жайлы