“Қазатомөнеркәсіп” АҚ Директорлар кеңесінің басшысы ауысты
Бақытжан Сағынтаев. ©Primeminister.kz “Қазатомөнеркәсіп” АҚ Директорлар кеңесінің басшысы ауысты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ Басқармасының сырттай отырысының қорытындысы бойынша “Қазатомөнеркәсіп” ҰАК” АҚ Директорлар кеңесінің құрамы мен өкілеттілік мерзімі анықталып, Кеңес мүшелері және төрағасы сайланды. “Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев “Самұрық-Қазына” АҚ Басқармасының шешімімен Жалғыз акционердің өкілі ретінде “Қазатомөнеркәсіп” ҰАК” АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды”, – делінген хабарламада. Сонымен қатар, “Қазатомөнеркәсіп” ҰАК” АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы белгілі болды. Олар: Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы – Жалғыз акционердің өкілі, “Самұрық-Қазына” АҚ активтерін басқару жөніндегі Бас директор; Тұрмағамбетов Мәжит Әбдіқалықұлы – Жалғыз акционердің өкілі, “Тау-кен Самұрық” АҚ басқарма төрағасы; Арсланова Зарина Фуатовна
