Қазақстандағы түрік лицейлері қажет пе?
ҚазТАГ – Данияр Серіков. Қазақтүрік лицейлері Қазақстанда осымен жиырмадан астам жыл жұмыс жасап келеді. Олардың қайнар бастауында көп қазақстандықтар «мұның артында кім тұр және олар не үшін ұйымдастырылды?» деген сұрақтарын қойып жатты. Не дегенмен қазіргі әлемде поскеңестік республикаларға тек жалпы игіліктерді енгізу үшін ғана өлшеусіз күшжігерін салатындар аз. Оның үстіне, егер адал ниеттің өзі де дамушы ел мәртебесінде тұрған мемлекеттен шығып отырса. Әдетте мұндай бастамалар шынайы мақсат мүдделермен өтеледі немесе орнатылған қарымқатынастар жүйесіне кірпіш болып қаланады. Осы жағынан алғанда қазақтүрік лицейлері геосаяси ілгерілеу, ділді өзгерту және елдің өскелең бөлігін қайта форматтау тұрғысынан өз рөлін атқарды. Жеңіл тілмен айтқанда, қазақстандық қоғамдағы жас генерацияның азғантай бөлігін өзгертіп, трансформация тудырды. Лицейлер тамаша, жеңімпаздар