Қазақпын!
Нұрбек Сәбира ұлы. 1990жылы ақпынның 12-де Монголияда Баян-Өлгий аймағының Алтай сұмынында дүниеге келген. Жасынан ананың ақ сүтімен туған жердің қасиетімен бойына дарыған ақындық талантының арқасында бұл күні көптеген өлеңдері жарық көруде. Әсіресе анаға, туған жерге, ұлтқа деген махаббатының жемісінен туған өлеңдері ерекше. Ақынның өлеңдері өзіндік ерекше құрылымымен ұйқастарымен өзге ақындардың туындыларынан айшықталады. Қазақпын. Қылышын қанға батырған, Айдаһардай ақырған. Заманында қалмаққа, Арыстан болып атылған, Қаһарман батл қазақпын. Қаршығадай қырағы, Ақ көбік шашып пырағы, Зулағанда қалмаққа, Абылай болған ұраны, Қалмақты жеңген қазақпын. Қаһарман батыл ұланы, Ақиық құстай қырағы, Зулаған жебе оғындай, Астында тұлпар пырағы, Қалмақты қырған қазақпын. Қамшысын жауға білеген, Алладан медет тілеген.