ҚР ҚК Бас сержанты АҚШ-тағы сержанттардың алғашқы көпұлтты симпозиумына қатысты
Техас штатындағы АҚШ армиясы сержанттарының бас академиясында сержанттардың тұңғыш көпұлттық симпозиумы өтті. Оған ҚР ҚК Бас сержанты – ҚР ҚК БШ сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы шебер-сержант Темірбек Халықов қатысты. Симпозиум өзара қарым-қатынасты күшейтуге және серіктес мемлекеттер арасында өзара іс-қимылдың тиімділігін жақсартуға бағытталды. «Өзінің елін мықты ететіндей етіп әрқайсысы және бізді қосқанда керегін алды деп үміттенемін», – деді АҚШ армиясы Орталық қолбасшылығының бас сержанты Ронни Киллей. Іс-шараға Египет, Иордания, Ливан, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері мен Өзбекстанның әскери қызметшілері қатысты. Әр елден қатысушылар сержанттар құрамының жүйесі бойынша ой-пікірлерімен бөлісті. «Қазақстанның қазіргі сержанттар құрамы корпусы 20 жыл бұрын негізін қалады. Осы уақыт ішінде оны дамыту үшін елеулі жұмыс жүргіздік.