ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
Соңғы жылдары сыртқы саясат пен экономикада Қазақстанның Ресейге тәуелділігі артып бара жатқаны белгілі. Тіпті Кеден одағы мен Еуразиялық Экономикалық одақ сынды ұйымдар шеңберінде біздің еліміз жүздеген егеменді лауазымдарынан айрылғаны, оларды өз қолымен Мәскеуге бере салғаны жасырын емес. Бұл үрдіс Қазақстанның ұлттық мүделеріне де, дипломатиямыздағы ең негізгі қағидат – көпвекторлылыққа үзілді-кесілді қайшы. Алайда сыртқы саясатпен қатар Ресейге деген тәуелділік экономика, қоршаған ортаны сақтау, ішкі істер, ұлтаралық қатынастар, ақпараттық қауіпсіздік секілді маңызды салаларға да кері әсерін тигізуде. Атап айтқанда, сөз болған интеграциялық ұйымдардың кесірінен мыңдаған кәсіпорындарымыз банкроттыққа ұшырады, жүз мыңдаған отандасымыз жұмыссыз қалды. Тек құлдыраған ресей рублі салдарынан ұлттық валюта – теңгенің бағамын ұстап тұруға 17 миллиард АҚШ доллары зая кетті. Қазақ