24 жылда 1 млн. жуық этникалық қазақ тарихи Отанына оралды
1991 жылы еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 259 539 отбасы немесе 953 908 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл елдегі тұрғындардың жалпы санының 5,5% құрайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлап отыр. Оралмандардың көпшілігі – 61,5% Өзбекстаннан, 14,3% – Қытайдан, 9,3% – Моңғолиядан, 6,8% – Түркіменстаннан, 4,6% – Ресейден, 3,5% – өзге елдерден келгендер. Олардың басым бөлігі – 21,2% Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3% – Алматы облысына, 13% – Маңғыстау облысына, 9,4% – Жамбыл облысына, 40,1% – өзге өңірлерге орналасты. Елге келгендердің жалпы санының 55,6% – еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар, 39,9 % – 18 жасқа дейінгі балалар, 4,5 % – зейнеткерлер құрайды. Еңбекке