Қыпшақ атауының төркін
Көне қыпшақтарда тiк екi сызықты таңбаның болмағанын олар мекендеген өңiрлердегi жартастарға салынған ежелгі көшкіншiлердiң рулық таңбаларының арасында мұндай белгiлердiң жоқтығы да растайды Қыпшақ атауының төркінін С.Н. Ивановтың көмегімен «жолы болмаған», «сорлы», «бейшара» деп тапқан С.Г. Кляшторный «жаңалығы» ғылымға енгеннен кейін, шешімін тапқан мәселе ретінде бұл бағыттағы ізденіс біржола тоқтаған болатын. Бірақ өткен ғасырдың соңына қарай палеотүркология бағытына мақсаткерлiкпен бет бұрып, халық тарихының ақиқатына айғақ ұсынар тiл тарихын сөз төркiнiн (этимологиясын) анықтау арқылы тануға ден қойып жүрген, қазақ зерттеушісі, «Язык письма» кітабының авторы О. Сүлейменов осы тоқырау тоғанын бұзып, қыпшақ этнонимiнiң этимологиясына қатысты өз болжамын ұсынды. Бұл – қыпшақ этнонимiне қатысты айтылған қазiргi таңдағы соңғы пiкiр және оны әзірге ешкім теріске шығарған