Құралайдың салқыны амалы қалай шыққан…
Edil Alash Ұлан ғайыр аймақтар Қыстан енді шығып жатқанда, оңтүстік жұртшылығы жазғы киімге ауысып алады. Десе де қазіргідей мамырдың орта тұсынан бастап жеңіл киімдінің бәрі аһылап-үһілеп, тұмауратып қалады. «Жаз келгенде салқындағаны несі» дейтіндер де бар. Бұған себеп жастар мен қала тұрғындары арасында «Құралай салқыны» ұғымының ұмытылып бара жатқаны болса керек. Әйтпесе жаз әбден өз тағына отырмай, халық жылы киімін тастамаған. «Құралай салқыны» деген не? қазақ халқы мамыр айының екінші жартысында орын алатын 2~3 тауліктік күн суытуын «Құралай салқыны» деп атаған. Аталу себебі қандай? үлкендердің аузынан оқтын-оқтын естіп қалатын бұл атау қазақ халқы үшін қашан да киелі саналған киіктердің төлдейтін мезгіліне байланысты аталып кеткен. Құралай ─ киіктің төлі. Ауа райы қалай