Үш әріптен тұратын жаман сөзді айтыңызшы – бәлкім, ол ҰБТ шығар?
ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Осы күндері мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналары көңілдері қобалжып, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелерін күтуде. Ол ересек өмірге өзінше жолдама болады. Білімді тексерудің осы әдісінің шынайылығы туралы дау қазан-ошақ қасындағы әйелдерден бастап парламентарийлерге дейін тынбай келеді. Бірыңғай тестілеудің жақсы және жаман жақтары туралы кезінде өзі ҰБТ тапсырған ҚазТАГ агенттігінің тілшісі айтып береді. Биыл тестілеуге 87 мың жалпы білім мектеп оқушылары қатысады. Бұл былтырғыдан 20 мың адамға аз. Статистика көрсеткендей, егер 2014 жылы мектеп бітірушілердің 80% оқушылары ҰБТ тапсырса, биыл – 71% тапсырып отыр. Бұл ел бойынша орташа пайыз. Ал егер цифрларды өңірлер бойынша алсақ, онда парламент мәжілісінің депутаты Әсима Бимеңдинаның айтуынша, Қарағанды облысында былтыр тестілеуге қатысу