МҰНДАЙ БІЛІМ МИНИСТРІ БОЛСА – ҰЛТҚА ЖАУДЫҢ КЕРЕГІ ЖОҚ!!!
ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУДЕН ҰЛТТЫҢ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН АЛЫП ТАСТАП, ОРНЫНА САЙҚЫМАЗАҚТАРДЫ ҚОСЫПТЫ… Біздің «Қазақ үні» ұлттық порталында кеше ғана белгілі ғалым, филология ғылымы докторы, профессор Айгүл Ісмақованың жоғары оқу орындарынан қазақ тілі мен әдебиетін алып тастағанына қарсы «Қазақ тілі мен әдебиетінің жазығы не?» –деген шырылдаған жан айқайы жарияланып еді… Бүгін Абай.кз сайтында Ә.Қайдарұлы, Ө.Айтбаев, С. Қирабаев, Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаев, М.Қойгелді секілді әйгілі академиктердің , Премьер-Министр Б.Сағынтаевқа, Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіхалықоваға, Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары М.Тәжинге ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен жоғары және одан кейінгі оқу орындарындағы мамандықтар тізімінен «Қазақ тілі», «Қазақ əдебиеті», «Қазақ тарихы», «Лингвистика», «Әдебиет тану», «Түркология», «Шығыстану» сияқты ең қажетті пəндер алынып тасталғанына қарсы наразылық Ашық хаты жарияланды. Енді жаңа ғана «Қазақ үні «порталында жарияланған