Өлген Оспан батырға тірі қытайлар тағы қарсы шықты. Алматы телеарнасының Оспан батыр деректі-көркем фильмін түсіреміз деп бастаған жұмысына қытай билігі ашық қарсылық танытып жатыр. Аптаның басында қытайдың Алматыдағы бас консулы Чжан Вэй бастаған екі адам (екіншісі қытай ҰҚК өкілі) арнамызға арнайы келіп, ресми Пекиннің бұл істі тоқтатуын талап етіп жатқанын айтқан еді. Арна басшысы Сергей Леонидович фильмнің тоқтамайтынын, жалғасатынын жеткізген. Алтай оғланы Оспан батырдың сол кездегі ұстанымынан әлі күнге қорқатын қытай “өтініштері” орындалмаған соң, біздің жоғары жақтағы билікте отырғандарға шыға бастады. Ал тарихты түгендеп, олардың ерлігінің ертеңгі ұрпаққа үлгі екенін жоғары қойғанның орнына, қытайдың бір ауыз ескертпесінен қорыққан қазақтар арна басшысына тағы қытайлардың атынан олардың талабын қабыл алуды айтып шыға