ДИХАН ҚАМЗАБЕКҰЛЫ: БӨКЕЙХАНОВ МАСОН ЛОЖАСЫНА КІРГЕН
– Дихан Қамзабекұлы, Сізді көпшілік Алаштанушы ғалым ретінде таниды. Бұл тақырыпты зерттеуді 1988 жылдан бастапсыз. Алаш атауын айтуға тиым салған кезде, бұл тақырыпқа қалай келдіңіз? – Барлығымызға белгілі, сексенінші жылдардың соңында КСРО-дағы «қайта құру» мен «жариялылық» саясатының арқасында көптеген ғалымдар Алаш тақырыбына бой ұрды. Сексенінші жылдардың соңында студентпіз, алғашқы ізденісіміз мұрағаттардағы Алаш тақырыбындағы материалдарды оқып, талдау бағытында жүрді. Алғаш «Владимир мен Зара» дейтін Клер Клермонт деген француз тілді ғалымның еңбегімен танысуым ХХ ғасырдағы көркем аудармаларға байланысты ізденістерім, біздің әдебиет тарихындағы ақтаңдардың мол екендігін көрсетті. Нәтижесінде ХХ ғасырдың басындағы әдебиетіміздегі ақтаңдақтарды ашып зерттеуді мақсат тұттым. Қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Ғылым академиясының жас ғалымдары үшін Алаш тақырыбы күн