АҚШ-та көпреттік ғарыш зымыраны екінші сапардан оралды
Blue Origin компаниясының ғарышқа қайта ұшырған New Shepard зымыраны. АҚШ-тағы Blue Origin аэроғарыш компаниясы New Shepard атты зымыранды ғарыш кеңістігіне ұшырып, кейін сәтті қондырғаны туралы хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, зымыран жер бетінен 101 километр 700 метрге көтерілген. Онан соң зымыранның көп мәрте пайдаланылатын бөлігі сынақ жасалған капсуламен бірге төмендеп, жер бетіне сәтті қонған. ВВС-дің хабарлауынша, компания зымыранды енді ғарышқа қайта ұшыруға дайындайды. Осылайша Blue Origin компаниясы жасаған алғашқы коммерциялық зымыран ғарышқа екінші сапарынан оралып отыр. Ол алғаш рет былтыр қарашада ұшырылып, Жерге қайта қонған. Бұған дейін, биыл қаңтар айында, SpaceX атты тағы бір жеке меншік компания ұшырған «Фалькон-9» зымыраны қонар кезде бір тіреуіші сынып кетіп, платформаға құлаған сәтте жарылыс болған еді.