Метродағы жарылысқа қатысты аталған қазақстандықтан хабар жоқ
Метроның “Сенная Площадь” станциясының кіреберісінде тұрған шұғыл қызмет көліктері. Петербург, 3 сәуір 2017 жыл. Ресейдің Cанкт-Петербург қаласындағы метрода жарылыс болып, оқиғадан соң қазақстандық Максим Арышев туралы түрлі мәлімет тарады. Ресейлік БАҚ-тың кейбірі оны құрбандар қатарына жатқызса, күдікті ретінде болжам жасағандары да бар. Қазақстан сыртқы істер министрлігі асығыс ақпараттарға сенбеуге шақырды. Азаттық әзірге Арышевтің туыстары Петербургке аттанғанын, оның жаралылар мен қаза тапқандар тізімінде жоқ екенін анықтады. Санкт-Петербург қаласының метрополитеніндегі жарылыс сәуірдің 3-і күндіз «Технологиялық институт» және «Сенная Площадь» станцияларының арасында болған. 11 адамның қаза тапқаны, 50-дей адамның зардап шеккені туралы ақпар тарады. Ресей билігі оқиғаны «теракт» деп атады. Әзірге жарылысты ешқандай ұйым мойнына алмады. Жарылыстан кейін БАҚ беттерінде Петербургте оқитын қазақстандық