Қытайда жұлдызға айналған Димаш
Димаш Құдайберген Қытайдағы байқауда ән айтып тұр. (Сурет әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды) 22 жастағы қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қытайдағы Singer 2017 әншілер байқауына қатысып, музыкалық телеарнадан көрінген бетте сенсация жұлдызға айналды. Димаш Құдайберген өз елі Қазақстанда Қытайдағы телевизиялық таланттар жобасына шыққанға дейін аса танымал болмаған еді. Бірнеше аптадан кейін ол Қазақстанға танымал адамға айналып оралды. Оны әуежайдан күтіп алуға Ақтөбедегі жергілікті билік өкілдері, қаптаған фанаттар, телеоператорлар барды. Ақтөбеліктер Қытайдың Singer 2017 (I Am a Singer) байқауының бірінші айналымында француз тіліндегі S.O.S. D’UN Terrien En Détresse әнін айтқан жерлестері жеңімпаз атанғанда қатты қуанды. Мұнан соң, ақпанның 25-і күні ол байқаудың үшінші айналымының жеңімпазы болды. Оқи отырыңыз: Қытайдағы өнер байқауында танылған