Әйгілі швейцариялық компания тек қазақ байларына ғана арналған эксклюзивті сағат шығарды (фото)
Қазақтың ою-өрнегімен ойылып, ұлттық нақышпен әрленген бұйымдардың қатары күн санап артып келеді. Әсіресе қазақстандық байлардың арасында еліміздің символына айналған ерекше дүниелерді ұстау сәнге айналған. Соның бірі – Ulysse Nardin брендінің қазақ байларына арнап шығарған қол сағаттары. Бұйымның барлығы жеке тапсырыспен, эксклюзивті түрде қолдан жасалған деп жазадыztb.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ. 1. Сағаттың бұл нұсқасы жақында ғана жарыққа шығып, әуесқойлардың арасында үлкен сұранысқа ие болған. Сағаттың цифрлі бетінде еліміздің көк туы бейнеленген. Аталған аксессуардың небары 10 данасы ғана дайындалыпты. DeWitt Academia Kazakhstan –ның ерекшелігі сол, 2 сағаттық белбеуді және ел өңіріндегі 24 қаланың атын көрсетеді. Сағаттың құны Швейцарияда 14 300 доллар. Аталған сомаға қол сағаттың каучук және темір баулары кіреді. 2. Ulysse Nardin Altyn